Табиғи апаттың залалын өтеу тәртібі өзгерді

Табиғи апаттың залалын өтеу тәртібі өзгерді

Елде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан келтірілген залалды өтеу тәртібі өзгереді.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың кесірінен алқаптардың бүлінуін бағалау әдістемесі жаңарады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар жобасын дайындады.

Еске сала кетейік, биыл Жамбыл облысының алты ауданында суармалы су тапшылығына байланысты өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазір Үкімет резервінен фермерлердің шығындарын жабуға қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.