Кеңгірдің бойынан 250 келідей өлі балық табылды
Ұлытаудағы Кеңгір өзенінің бойынан 250 келідей өлі балық табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қырылған су жәндіктерінің ішінде сазан, мөңке және шортан бар. Экологтар әзірге түпкілікті шешім айту мүмкін емес дейді. Арнайы комиссия құрылып, өлген балық пен судан сынама алынған. Ал қырылған балық санитарлық талапқа сай мал қорымына көмілді.
Дастан Тілеубеков, облыстық Экология департаментінің басшысы:
- Балықтардан алған сынамаларды зерттеу керек. Аурулар болды ма, жоқ па? Қазір айтуға қиын. Нәтижелерін күтіп отырмыз. Бәрі белгілі болған соң нақты ақпарат бере аламыз.