Елдегі шаруалар субсиядияға уақытылы қол жеткізе алмай отыр
Соның салдарынан пайызы қымбат несие алып, шығынға батуда.
Бұл жайында Мәжілістің жалпы отырысында "Аманат" партиясының мүшелері айтты. Бір ғана Ақмола облысында демеуқаржы алу бойынша 10 мыңнан аса өтініш аяқсыз қалған. «Дәл осындай себеппен Жетісуда 1600 диқан субсидиядан қағылды. Оның үстіне қаржылай көмектің сомасы да жылдан жылға азайып келеді», - дейді депутаттар. Биыл ауылшаруашылығына бөлінген субсидия көлемі 5 жарым пайызға қысқарды.