Энергия ресурсы тасымалы қос тараптан бақыланады
Мәжіліс Қазақстан-Өзбекстан арасындағы энергия ресурстарын тасымалдау барысын бірлесе бақылау туралы келісімді ратификациялады.
Яғни, 2021 жылы жасалған келісімге сәйкес, құбыр және электр желілерімен тасымалданатын газды және мұнай мен электр қуатының көлемін қос тарап қатар қадағаламақ. Бұл – контрабанданың жолын кесу мақсатында жасалып отырған қадам. Екі ел өзара ақпарат алмасып, заңбұзудың алдын алады. Сондай-ақ, кеденшілер қажет кезде қосымша рұқсат қағаздарын күтпей, көрші ел аумағына бірден кіру мүмкіндігіне ие болады.