Сарапшы: Әкімдерді сайлау халықтың сенімін арттырады

Дамыған мемлекеттерде жергілікті басқару – халықтың қолында.

Елдегі сайлау процесіндегі өзгерістер осы үрдіске көшуді көздейді. Еуразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасулов аудан әкімдерін халық өзі сайлау арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылауға атсалысады дейді. Сарапшының пікірінше, әкім жақсы жұмыс істейтін болса, тұрғындардың сенімін арттырады. 

Ермек Әбдірасулов - ЕҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы:

- Әкімдер сайланатын болады енді осының пилоттық проектісі. Ол деген қазір бәрі болмаса да мысалы 45 әкімшілік аймақтар бар бізде, соның ішінде осы сайлаулар өтеді аудандық әкімдердің пилоттық. Бұны көреміз. Әрбір облыста екі –үш осындай жерлерде. Халық өзі әкімдерді сайлайтын болады. Егерде осы пилоттық проект жақсы өтіп жатса, әрі қарайда басқа аймақтарда да толық сайланатын болады. Партия мысалы ұсыныс береді кандидатура ұсынуға болмаса әр азамат өзі де шығуға мүмкіндік бар. Егер де халық қолдаса ол шығады.