«Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның басшылары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері ұрлықты жасыру үшін пара бергені әшкере болған.
Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек Астана қаласында Қаржы департаментінің директоры мен Азық-түлік корпорациясының бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды. Олардың бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін бизнесменнен 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталған. Бұдан бөлек Қостанай облыстық филиалының директоры да күдікке ілінді. Ол серіктестік өкілінен тауарлық несие алу мәселесін еш кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.