Алматыда «Байдың қызын аламын» атты комедия экранға шықты
Алматыда белгілі режиссер Дархан Сәркеновтың «Байдың қызын аламын» атты жаңа комедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.
Алғашқы көрермендер фильмді Kinopark 11 Аймакс Esentai-да тамашалады. Туынды бай-бағланның қызына үйлену үшін ауылдан қалаға келген жігіттің өмірі жайлы.
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған. «Ауылдың бетке ұстар баласы Темірлан, кез-келген қыз өзіне тұрмысқа шығуды армандайды»,-деп санайды. Бірақ ол қалыңдықты қаланың бай әулетінен алғысы келеді. Жағдайын түзеп, ата-анасының күңкіліненде құтылуда ойлайды. Дегенмен, бай қыздарының ерке келетінін біле бермейді.
Дархан Сәркенов, фильмнің режиссері:
- Жігіттердің барлығы осындай. Жаңағындай әйелінің әкесінің байлығын өзіне алып алу деген сияқты ондай бір кінә таққымыз келмейді әрине. Белгілі бір сондай адамдар болуы мүмкін деген сияқты оймен түсірілген фильм.
Темірланға бірнәрсе алу үшін талай еңбек етуге тура келсе, Камиллаға әкесіне айтса болды, қалағанын сатып береді. Камилланың ролінде –Томирис Жанғазинова ойнайды.
Томирис Жанғазинова, актриса:
- Рөлімді сөгуі мүмкін. Себебі бұл байдың қызы. Өзінің мінезі бөлектеу. Көп нәрсені сұрайды, көп нәрсені қалайды. Өзіне деген сенімділік кішкене азырақ. Және соңғы кездері маған сондай ролдерді көп бере бастады.
Фильмді түсіруге Еуразиялық банк қолдау көрсетіпті. Банктің шешімі мемлекет басшысының жолдауында айтқан шығармашылық индустрияны қолдау туралы бастамасымен дөп келіп отыр.
Ғазиз Ермеков, Еуразиялық банктiң басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына белсенді әсер ететін қаржы қоғамдастығының бір бөлігі болып жатқанымызға өз атымыздан өте қуаныштымыз.
Түсірілім жұмыстары Алматы мен оның маңайында жүрген. Фильм 21 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сұлтан Бейсекенов