Алматыда «Келіссөз полициясы» тренингі өтті

«Келіссөз полициясы: қақтығысты шешудегі халықаралық тәжірибе».

Алматыда Ішкі істер министрлігі Академиясының тыңдаушылары, қалалық Полиция департаменті және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосқан тренинг өтті. Мақсат  - ішкі істер органдары қызметкерлерін қоғаммен диалог құруға дайындау, халықпен өзара әрекеттесу бойынша қосымша оқытып, біліктілігін шыңдау. Бұл мақсатта елімізде полицияның сервистік моделі пилоттық жобасы тестілеуден өтіп жатыр.

Жеміс Тұрмағамбетова, Үкіметтік емес ұйым өкілі:

-  Бұл жоба үш жылға созылуы керек деп есептеймін. ІІМ-нің Алматы Академиясында келіссөздер жүргізу әдістемесі бойынша жеке кафедра құру керек. Тиісті оқыту-тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы барлық полиция қызметіне таратылуы қажет.