Елімізде оқушылар саны екі есе көбейеді
Бірер айда халқымыздың саны 20 миллионға жетеді.
Қазір елде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Тиісінше, оқушылардың саны екі есе көбеюі мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы ұстаздардың алқалы жиынында айтты. Алдағы үш жылда 1 миллионнан астам жеткіншек студент болады. Енді білім ордаларының тапшылығын шешу керек. 2 жылдың ішінде, үш ауысыммен оқытудан біржола құтыламыз. Президенттің ұсынысымен, кәсіпкерлер де, мектеп құрылысына белсене кіріседі деген сенім бар.
Цитата
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жақында ғана мен еліміздің кәсіпкерлерімен кездесу барысында қайырымдылық ретінде облыстарда, қалаларда мектеп салу керектігі туралы мәселені қозғадым. Бұл – азаматтық жауапкершілік деген сөз. Сондықтан біздің кәсіпкерлеріміз осы жұмысқа белсенді түрде кіріседі деп ойлаймын. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылғандардың заңсыз тапқан табысы мектеп салуға жұмсалып жатыр. Қазірдің өзінде 13 мектеп салынды. Жыл соңына дейін тағы да 33 мектеп бой көтереді.