Жамбыл облысындағы зауытта жылына 5 млн тонна алтын кені өңделеді
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын зауыт республикадағы ең жоғары технологиялық нысанның біріне айналады. Жобаға 832 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылады. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорында жылына 5 млн тоннаға жуық алтын кені өндіріліп, өңделмек.