Қызылорда облысында ауыл кәсіпкерлерінің саны артты
Қызылорда облысында шағын және орта кәсіппен айналысып отырғандар тұрғындардың саны 37%-ке артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі мемлекет тарапынан қолдау бар, -дейді мамандар. Соның ішінде жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз гранттар ауылдықтардың әлеуетін көтеруге сеп болған.
Үшінші интернационал ауылының тұрғыны Бибізада Төремұратова үй ауласынан қора салдырып, ұсақ мал ұстап отыр. Жем-шөбін уақытылы беріп, пайдасы көл-көсір болатын қой басын көбейтуге кіріскен. Мақсаты – етін сатып, отбасы табысын арттыру. Көп балалы ана бұл кәсіпті мемлекеттің қолдауы арқылы бастадым, - дейді.
Бибізада Төремұратова, Үшінші интернационал ауылының тұрғыны:
- 1 миллион 380 мың теңге алдым грантқа. Мен – мүмкіндігі шектеулі баланың асыраушысымын. 4 баланың анасымын. Оған 25 бас қой алдым. Жартылай бордақы, жартылай көбейту мақсатында.
Бұл ауылдың тағы бір тұрғыны Али Рагибовқа елді мекен аумағынан 2 гектар жер телімі мемлекет тарапынан тегін берілді. Ол бұл аумақтан мал бордақылау алаңын ашуды көздеп отыр. Инвестициялық жоба арқылы Қармақшы ауданынан бөлек, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойындағы кейбір дәмханаларды ет өнімдерімен қамтуоспарланған.
Али Рагибов, кәсіпкер:
- Ірі қара 100 бас, жылқы 100 бас, қой 300 бас бордақылау. Біткеннен кейін 10-15 адамды жұмыспен қамтимыз.
Биыл ауылдық кәсіпкерлер 198 миллион теңге жеңіл пайызды несиеге қол жеткізген. Ал ауылдың 3 тұрғыны отбасылық кәсіпті жолға қою үшін мемлекет тарапынан 4 миллион теңгеге жуық қайтарымз қаржы алды.
Нұрлыбек Сайымов, Үшінші интернационал ауылының әкімі:
- Жыл аяғына дейін 4 азаматымыз құжаттарын тапсырып қойды. Жыл аяғына дейін осы конкурс болған жағдайда осы азаматтар өтеді деп жоспарлап отырмыз.
Биыл өңірде бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беруге 115 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 70 миллион теңгесі 29 жасқа дейінгі кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға арналған. Соңғы 3 жылда облыс бойынша 171 жобаға 521
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев.