ШҚО-да ыс тигендер саны көбейген

Биыл Шығыс Қазақстан облысында ыстан уланғандар 2 жарым есеге өскен.

23 адам ауруханаға түсті. Жылыту маусымы басталғалы өрт сөндірушілер сақтық шарасын күшейтіп жатыр. Үй-үйді аралап пеш пен мұржадағы ақауды тексеріп жүр. Әсіресе әлеуметтік аз қамтылған отбасы тұратын 3,5 мың  үй басты назарға алынды. Мамандар үйлерге улы газдың таралуынан хабар беретін дабыл құрылғысын орнатуда. Иіс тиюдің алдын-алуға арналған 2 мың қондырғы орнату жоспарланған.

Нұржан Өміржанов, төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

- Бүгінгі күнде бізде 25 мыңнан артық аулалар аралау жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар әлеуметтік осал жағдайдағы тұрғындарға улы газдың алдын алу қондырғыларын орнатып жатырмыз. Шамамен 1000 осындай қондырғы орнатылды. Және осы қазан айының аяғына дейін тағы да 1500 осындай қондырғы  орнатылатын болады.