Елімізде Рухани келісім күні аталып өтті
Бұл мерекенің дәстүрлі аталуына негіз бар.
Ол 1992 жылы Алматы қаласында Бірінші Дүниежүзілік Рухани Келісім Конгресінің өтуінен бастау алады. Міне, содан бері, 18-қазан күні - татулыққа үндеу, өзара түсіністік, мейірімділік пен көршіге көмек күні ретінде маңызға ие. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында дін өкілдері мен ғалымдар басқосуында Рухани келісім - қазіргі қоғамдағы бейбітшілік пен бірліктің негізі деген ортақ ой айтылды. Жиынға дипломатиялық миссиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері де атсалысты.
Нұрдәулет Әлмұханов, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы:
- Жыл сайын дәстүрге сәйкес рухани келісім күні бүкіл елордадағы сонымен қатар шет елдерден келген қонақтармен жыл сайын атап өтеміз. Бұл жерде біздің еліміздің дінаралық келісімін нығайту мақсатында осы жерде орналасқан діни бірлестік басшыларымен дін тақырыбында талқылаулар жүргізеді. Бізде толеранттылық яғни бір-бірімен бір елде бір шаңырақтың астында дінді дұрыс түсіну мақсатында және де бір-біріне құрмет көрсету , дінді құрметтеу біздің көп ұлтты көп дінді мелмекет ретінде халыққа үгіт-насихат ретінде түсіндіру арқылы осы іс-шара жүргізілуде.