Қалаларда үйлердің сыртына бес мың туымыз ілінеді
Волонтерлер 5 мыңнан астам көк туымызды тұрғын үйлердің сыртына іле бастады.
"Менің елім - менің туым" насихат шарасы Республика күніне орай еліміздің барлық қаласында өтеді. "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері бұл дәстүрді былтыр алғаш өткізген. Алдымен тұрғындарға хабарласып, көк туды ілу жайында рұқсатын алады. Азаматтарымыз акцияға зор ілтипатпен қолдау көрсетіп жатқаны қуантады, - дейді ұйымдастырушылар. Ал кейбір тұрғындар, мәселен, үйдің балконына, автокөлікке мемлекеттік туды ілуге рұқсат барын білмейді екен.
Ақерке Ескендірова, "Жастар рухы" жастар қанаты төрағасының орынбасары:
- Елорда тұрғындарына және қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды және жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайтады деп айтуға болады. Сондықтан да бұл акция жалпы республика бойынша өтіп жатыр.