Петропавлда шетелде тіркелген көліктер тексеріледі

Петропавлдық полицейлер шетелдік көліктердің соңына түсті.

Тәртіп сақшылары жылжымалы мүлкін 1 қыркүйекке дейін заңдастырып үлгермеген жүргізушілерді анықтап жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 10 жарым мыңға жуық көлік заңдастырылды. Бірақ, бұл мүмкіндікті бәрі бірдей пайдаланған жоқ. Кейбір жүргізушілер әлі де сол – шетелдік нөмірмен жүйткіп жүр.

Енді елімізді сақтандыру мерзімі аяқталған шетелдік көліктерге тыйым салынады. Тіркеуге де рұқсат жоқ. Құтылудың бір ғана жолы – елден шығару немесе бөлшектеп сату. Қазір полицейлер күн сайын рейдке шығып, жүргізушілерді жаппай тексеріп жатыр.

Баян Байғаскина, облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

- Аталған іс – шаралардың басталуымен 432 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде 33 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері облыс бойынша шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 30 – дан аса жол апаты болып, 7 адам қаза тапты.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов