Атырау облысындағы бірлігі жарасқан берекелі ауыл
Атырау облысындағы Өрлік ауылы биыл «Үлгілі ауыл» байқауында бақ сынап көрмек.
Үш мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен ынтамақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр. Биыл ауылда 13 шақырым автокөлік жолы мен 17 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды. Екі шақырымнан астам көшеге жарық тарту жұмысы жақында аяқталады. Өрлік ауылына тән тағы бір бастама - мектеп түлектері жыл сайын туған жеріне сый жасап тұрады.
Көше шамдарын орнатуды ауылдың ақсақалдар кеңесі көтерген болатын. Қазір 2 шақырым жарық желісі толықтай ауыстырылды. Өткен оқу жылының қортындысында 2003 жылғы мектеп түлектері білім ошағының алдына тутұғыр орнатып берген. Биыл келесі буын ауыл балаларына ойын алаңын жасақтауды қолға алыпты. Осылайша, бірлігі мен берекесі артқан ауылда иігілікті жобалар жалғасын тауып келеді.
Жұмағали Темірзақов, ауыл тұрғыны:
Ауылда заманға сай интернетіміз свет газ барлығы тартылған Бәрі жүріп тұр. Жем шөп мәселесі. Мысалы, шөп мәселесі мына жағдайға байланысты алыс өлкелерден. Оралдан тасымалдап әкеліп жатыр. Енді ауылымызда екпе шөп өсіруге мысалы, жасарды үгіттеп, жастарды ауылда екпе шөп өсіруге шақырамыз.
Жайық өзені бойына қоныстанған Өрлік ауылының негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Төрт түлігі тең өскен өңірде мал азығы тапшы. Осыған орай ауыл жастары жоңышқа, жүгері секілді дақыл түрлерін егуді қолға алмақ. Округте 30 тарта шаруа қожалығы бар. Қалған әлеуметтік жобалар жергілікті атқарушы билік арқылы жүзеге асып келеді.
Мұратбек Ермекұлы, Өрлік ауылдық округінің әкімі:
Алдағы жоспарымызда қажеттілікке байланысты ауылымыздан 90 орындық балабақша салу, мектепке 120 орындық жапсаржәй салу және заманәуи үлгідегі мәдениет үйн салу сияқты жұмыстар ұйымдастырылады деп күтілуде. Қазіргі уақытта бізде қоғамдастық деген бар. Барлық ауылға қатысты нәрселер сол қоғамдастық жиынында талықланып, жүзеге асырылып отыр.
«Келісіп пішкен тонның келте болмайтыны» секілді, Өрлік ауылындағы ортақ мәселелер ауыл тұрғындарының араласуымен шешіледі. Жақын болашақта, ауылда көлік жөндеу цехы, мал өнімдерін өңдейтін шағын кәспорын жобасы жүзеге аспақ.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин