Атырауда ерекше сенбілік өтті
«Атырау Эко» қоғамдық қоры мен Қазақстан Халық Партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған шарада жастар мен экобелсенділер қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу орталығына тапсырды.
Осылайша қала тұрғындарына қоқысты сұрыптау мәдениетін түсіндіргіміз келді, дейді ұйымдастырушылар. Сенбілікте қоршаған ортаны таза ұстап, сұрыптап жинаудың экологияға пайдасы туралы айтылды. «Жастарға қызмет көрсету орталығына» 100-ге жуық адам келіп, тұрмыстық қалдықтар тапсырды.
Людмила Көбентаева, зейнеткер, ҚХП мүшесі:
- Осындай шара жиі болып тұрса, өзіміздің жергілікті халықтың, ел халқын осындай тазалыққа үйретсек, өзіміздің мемлекетімізге қосқан үлкен үлес деп санаймын. Бұл жерде ешқандай жиіркенетіні жоқ. Волонтерлер бар, жастар бар, партияның адамдары бар, барлығы сұрыптап, үлкен жұмыс атқарып бізді қуантып жатыр.