Жезқазған жұрты жаппай экологиялық шараға қатысты

«Бүкілқазақстандық ағаш егу» акциясы аясында олар екі мыңға жуық көшет екті.

Шарапаты мол шараға мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорын басшылары, жастар және қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Енді олар игі бастаманы жыл сайын ұйымдастырып тұрмақ. Осылайша табиғат жанашырлары  қалаҚның экологиясын жақсартуды жоспарлап отыр. Жауаптылардың айтуынша бұл  жасыл желек болашақта шаңды басып, ауаны тазартуға сеп болады. Ал оларды егу үшін қаланың екі саябағы мен білім беру мекемелерінің аумағы таңдалды.

Аслан Арынов, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Отырғызылған ағаштардың түрлері: жанағы қарағаш және терек ағаштары. Осы біздің климатқа қолайлы. Парктерді күтіп ұстайтын мердігерлер әрі қарай суарып, күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізетін болады.