Шымкентте жылыту маусымы ерте басталды
Шымкентте жылыту маусымы 1 апта бұрын басталды.
Ең алдымен үш жүзден астам әлеуметтік нысан жылуға қосылған. Ал көп қабатты тұрғын үйлерде кезең-кезеңмен жүргізіледі. Шаһарда биыл тозығы жеткен 9 шақырымға жуық ішкі құбырлар ауыстырылды. Бұл жұмысын жалғасын табады. Өйткені өткен ғасырда салынған ескі үйлердің құбыр және магистральдық жылу жүйелерінің жартысы ескірген, дейді мамандар. Сондай-ақ қаланы ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын өкілдері тұтынушылардың қордаланған қарызын өндіруге кірісті. Борышкерлердің 250 миллион теңге берешегі бар.
Асқар Бөлешов, жылу жеткізуші кәсіпорынның бөлім басшысы:
- 3 күндік температура +8 С құрағанына байланысты жобалаған мерзімнен бұрын жылу беру маусымы басталып кетті қала бойынша. Жылу маусымына қосылу әлеуметтік нысандар мектеп, садик, больницамыз 100% қосылған. 95 % үйлеріміз қосылып жатыр жылуға.