Павлодар облысының Қаражар ауылында жаңа мектеп ашылды
Павлодар облысы, Мырзашоқы демалыс аймағына жақын тұрған Қаражар ауылында 100 орындық жаңа мектеп ашылды.
9 жылдық ескі мектеп, екі жыл бұрын апатты деп танылды. Орнына салынған заманауи оқу ордасының құрылысына 650 миллион теңге жұмсалды. Екі қабатты ғимаратта сынып бөлмелерінен бөлек, 200 шаршы метрлік спорт залы, асхана және шағын орталық бар. Мердігерлер құрылысты жеті айда аяқтады. Облыс бойынша апатты деп саналған үш мектептің екеуі жаңарды. Екінші тоқсанды су жаңа мектепте бастаған, Қаражарлық оқушылардың қуанышында шек жоқ.
Айғаным Теміршот, мектеп оқушысы:
- Өте керемет, барлық зат бар, барлық керек зат, зертханалық жұмыс істейтін заттардың бәрі бар, қуанышымызда шек жоқ. Өте қуаныштымыз.
Айнагүл Шомақова, Қаражар негізгі мектебінің директоры:
- Бүгінгі күні бізде 63 бала оқиды, мына мектеп негізі 100 орынға салынған мектеп. Мектептің ішінің салынғаны да өте жақсы және мына жабдықталғаны да өте жақсы деңгейде.