Қаратау қаласында саябақ құрылысы қайта жанданады
Қаратау қаласында 4 жыл бұрын басталған саябақ құрылысы әлі бітпей тұр.
1 гектардан асатын аумақта тутұғыр орнатылып, субұрқақтар салынып, айналасы абаттандырылуы керек еді. «Рухани жаңғыру» деп аталған аллея қазір ажарсыз алаңға айналды. Ішін арам шөп басып, төсеніш тастары әр жерде шашылып жатыр. Қала билігі саябақ құрылысының тоқтауы сол кездегі бөлім басшысының сотқа тартылуымен байланысты дейді. Абаттандыруға бөлінген 148 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізілді. Бүгінде кінәлілер жазасын алып, қала билігі жұмысты жалғастыруға рұқсат алды. 2024 жылы демалыс орнын жаңғыртуға бюджеттен қайтадан қаржы бөлінеді.
Ұлан Сәрсенбек, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары:
- Бізде қазіргі таңда қала тұрғындары қала ардагерлері тарапынан осы Рухани Жаңғыру аллеясын қайта жаңғырту бойынша сұраныстар келіп түсуде. Қазіргі таңда шектеу алынды. Енді осы қалған жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама қайтадан жасалып, бюджетті жоспарлау бөліміне қайта өтінім беріледі. Аталған қаражат қарастырылған жағдайда қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын табады.