Қызылорда облысының Шиелі ауданында 50 отбасы үйлі болды

Бұл облыс бойынша әлеуметтік осал топтар үшін сатып алынатын мың пәтердің бір парасы.

400 баспана аудандарға тиесілі болса, қалғаны облыс орталығынан беріледі. Осы мақсатқа бюджеттен бір миллард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Президент тапсырмасы аясында өңірде былтыр 683 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл ауданы 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйді кезекте тұрғандарға табыстау жоспарланып отыр. 

Мәди Әліп, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Мысалы көп аналарға 60-55 шаршы метрден асуы тиіс, сол сияқты әрқайсына, өз топтарына бөлінген шаршы метрлері бар. Сол талаптар бойынша сатып алынуда. Қазіргі таңда барлық үйлер дайын. Ол жыл аяғына дейін барлық меншік иелеріне табысталатын болады.