Елордада «Өмір - өзен» атты фестиваль ұйымдастырылды

Елде 60-ты алқымдаған үш миллионға тарта адам бар.

Бірақ бәрі бірдей салауатты өмір салтын ұстана бермейді. Елордада осындай егде жастағы жандарды белсенді өмір сүруге шақырған іс-шара өтті. «Өмір - өзен» деп аталған фестиваль Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып, оған елдің әр аймағынан 100-ге тарта адам келген. Онда ұзақ өмір сүрудің сырын түсіндіретін шеберлік сабақтары мен денсауылықты арттыруға арналған семинарлар ұйымдастырылды. Ал көрмеде түрлі дәрумендер мен пайдалы өнімдер көрсетілді. Ұлттық ойын түрлері, спортық сайыстар өткізілді.

Ерқанат Темірханов, ұйымдастырушы:

- Біз 50, 60 жастан кейінгі адамдарды ұмытып қаламыз. Бірақ, 50-ден кейін екінші өмір басталады. Оларды активный өмір сүруге үйрету керек. Дискотека да ұйымдастырдық, семинар, мастер класс та болып жатыр міне.