Депутат: Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ

Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін заңды қатаңдату қажет.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс отырысында қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты осындай пікір білдірді. «AMANAT» партиясы қыркүйектің басында «әйелдердің құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне» арналған заң жобасын әзірлеген. «Онда зорлық-зомбылық қылмыстық іс болып танылады, педофилдерді өмірбақи бас бостандығынан айырылады, жауапкершілік пен жаза күшейтіледі. Бірақ өзекті болса да, бұл заң жобасы Мәжіліс қарауына әлі енген жоқ», - деді депутат. Сүлейменова партияның осы тақырыпқа қатысты ұсыныстарын айтып, бүгін депутаттық сауал жолдады және төменгі палатаның оларды тез арада қабылдауын сұрады.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылықты қылмыс деп танылуы қажет. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ. Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етеміз. Екінші, Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті.

Үкіметтік емес ұйымдардың зерттеулеріне сүйенсек, 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40%-і жеткен екен. Ал ондағы күдіктілердің 39%-і 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік жазамен құтылып кеткен. Депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын бірнеше заңнамаға қатаң өзгерістер енгізілді. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда қазір хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Бірақ аталған нақты өзгерістердің өзі әйелдерді қорғауға жеткізіліксіз болып тұр, -  дейді депуттар.