Елордалық қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі енгізіледі
Елордалық қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі енгізіліп жатыр.
Енді жол ақысын төлеу үшін жолаушы банк картасын, эпл пэй, NFC, Bluetooth сынды жүйелерді қолдана алады. Қоғамдық көліктерді бақылаушы оператордың сөзінше, бұл жаңашылдық қазір қаладағы 200-ге жуық автобуста енгізілген. Жыл соңына дейін барлық бағытты қамту жоспарланып отыр. Жол ақысын электронды төлеу жүйесіне көшкеннен кейін, жолаушылар өздерінің көлік карталарын да жылдам толтыра алады. Бұрынғыдай 1 тәулік күтіп, кейін оны автобуста қайта іске қосуды талап етпейді.
Орынбасар Ағбаев, серіктестіктің басқарушы директоры:
- Валидаторлардың дизайны өзгерген. Олар планшет типтес. Ол планшеттер қазіргі карталарды қабылдай алады, банковский карталарды қабылдай алады, NFC технология, Bluetooth сол бүкіл төлем каналдарының ұлғаю жұмыстары осы проектіде қарастырылған.