Елде 369 заманауи мектеп салынады

Балабақшалар мен мектептерді салуға және жаңғыртуға триллиондаған теңге бөлінді.

Президенттің білім реформалары салаға оң серпін берді. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың пікірі осындай. Жалпы жыл басынан бері елдегі 1 мен 4-ші сынып  оқушылары тегін тамақпен қамтылды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 25 миллиард теңге бөлінді. Әлеуметтік осал топ санатындағы балаларға айырықша жағдай жасалды. Қазір «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы іске асып жатыр. Оның аясында алдағы екі жылда  300-ден астам заманауи мектеп салу жоспарланған. Ал қолданыстағы білім ордаларына,, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы елдегі мектептерде робототехника, химия, биология және физика кабинеттері,, жыл сайын заманауи құрылғылармен толықтырылып отырады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көптен бері шешілмей жатқан проблема – үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы. Бұл мәселені шешу үшін Мемлекет басшысы «жайлы мектеп» деген жобасын іске асыру бойынша тапсырма берді. Бұл жобаның ерекшелігі неде? Біріншіден бұл мұның алдында салынған мектептер сияқты салынбайды. Бұл заманауи мектеп болады.