Арқалық ет комбинаты бұқтырылған киік етін өндіре бастады

Осы күнге дейін кәсіпорын 500 бас ақбөкен ұшасын қабылдаған.

Бұл жоспарланған көлемнің алтыдан бір бөлігі ғана. Келісім-шарт бойынша ет комбинатына қарашаның аяғына дейін үш мың бас өткізілуі тиіс.

Далада ауланған киік ұшасы ет комбинатына шек-қарынсыз жеткізіледі. Бұл жерде терісі сыпырылып, мүйізі қағылып, еті өңдеуге жіберіледі. Одан бұрын ол мұқият тексерістен өтеді.

Гүлназ Серкебаева, ветеринар дәрігер:

- Киік еттерін бізде бірінші органолептикалық зерттеуден өткізіледі. Даланың жануары болғандықтан біз оларды мұқият қараймыз. Барлық органдарын бәрін зақымданған жерлері болса, барлығын тексеріп лабороториялық зертханалық зерттеулерден өткіземіз.

Осы күнге дейін қабылданған бес жүз бастан қандай бір ауру анықталмаған. Зерттеу кезінде күмән келтіргендері бірден жойылған. Сараптамадан өткендері қоймаға келіп түседі.

Ләззат Әмірқұл, қойма меңгерушісі:

- Мысалы 38 келі деп қабылдаймыз ғой бір тушаны. Оның ішінен оқ тиген жерлері болады. Оны отход есебінде алып тастаймыз. Сосын өте семіз, несі майы көп. Сонда ет примерно, шығады 15 келі, 13 келі ол салмағына қарай.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Киік етінен жасалған бұқтырылған еттің алғашқы партиясы міне тұтынушыларға жол тартқалы тұр. Бұл цехта күніне бір тонна ет өңделеді. Міне мынандай консервіленген киік еті еліміздің барлық өңірлеріне жіберіледі.

Киіктің үй жануарларынан ерекшелігі етінің жұмсақтығы. Сондықтан бұқтырып, қайнату технологиясы да өзгешелеу.

Серікболсын Оспанов, консервілеу цехының шебері:

- Автоклавқа келіп түседі. Осының ішінде піседі. Бәрі автоматтандырылған жүйеде. Бір сағатта піседі. 120 градуста қайнайды. Осының ішінде, стерелизация, охлождение бәрі осының ішінде болады.

Бір-екі апта бұрын бұқтырылыған киік етінің сынамасы еліміздің біраз өңірлеріне жіберілген. Қазір тапсырыстар көп түсіп жатыр-дейді. Осылай сұраныс артып жатса,ертең ақбөкенді жаппай қырып жоюға әкелмей ме деген сұрағымымзға,сала басшылары бәрі есептелген, бәрі бақылауда деп сендірді.

Жәнібек Ерсұлтанов, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инпекциясы басшысының м.а:

- 21 жылы киіктердің саны 285 мың болды. 2022 жылы 489 болды. 2023 жылы уже киіктердің саны 745 мың 300 басты біз авиаучетпен басын санадық. Соның 15 процентін біз санын реттеуіміз керек. Ол шамамен 44 мың басты құрайды.

Киік мүйізі де талан-таражға түспейді. Нөмірленіп, құжаттанып мемлекетке өткізіледі.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг