Елде 7 млн-нан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген
Биылғы 10 айда елде 7 миллионнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген.
19 мыңға жуық жүргізуші ішімдік ішіп көлік басқарса, 300 мыңдай жаяу жүргіншіге ережені ескермегені үшін айыппұл салынған. Апаттар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің кінәсінен ғана емес, жол сапасы мен инфрақұрылымның нашарлығынан да болады. Сарапшылар жағдайды жақсарту үшін Vision Zero бағдарламасын енгізуді ұсынып отыр. Ақылды бағдарлама жылдамдықты төмендетуге, жолдың бағытын өзгертуге, көшелердің геометриясын шығаруға көмектесіп, темір тұлпардың қашан жол шетіне шығып кететініне дейін есептеп береді. Сондықтан осы шетелдік тәжірибені ескерсек, - дейді мамандар.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
- Оларда саясат қалай? Кез келген адам баласы қателік жасауға құқығы бар. Ол ұйықтап кетуі мүмкін, ол бірдеңені байқамай қалуы мүмкін. Басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет тұрғысынан біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Егер сол рөлдегі азамат, не болмаса басқа жаяу жүргінші қателік жасағанның өзінде мемлекет сондай жағдау туғызу керек, сол апат жағдайында адамның өмірі мен денсаулығына минималды зиян келтірілуі керек.