Алматыда КХА Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
Алматыда Қазақстан халқы Ассемблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сарапшылар шынайы ақпараттың маңыздылығы және фактілермен жұмыс істеудің ерекшеліктерін талқылады. Жалған сөздің ішкі тұрақтылық пен ел дамуына зияны көп. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері қатысты. Ұлтаралық бірлікті сақтауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін ерекше атап өтті. Ассамблеяның Журналистер клубы аясында БАҚ қызметкерлері үшін арнайы семинарлар ұйымдастыруға келісті.
Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:
- Мемлекет саясатының ең бірінші басым бағыты – осы этносаралық қатынастардың саласының тұрақты дамуы. Осы жұмыста сіздердің рөлдеріңіз айқын, анық деп есептеймін. Қазір көріп отырсыздар, қазіргі жаһандық жағдайда ақпараттық кеңістіктің секунд сайын өзгеріп жатқанына фейк, ақпараттық манипуляция тарап жатқанына байланысты осы біздің саламыз үлкен бір қауіп-қатерге тәуекелге тура келеді.
Сондай-ақ бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Отырысқа қатысушылар мәдениетаралық байланыс, ұлтаралық келісімді нығайту жолдарын талқылап, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс жоспары туралы пікір алмасты.
Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:
- Келесі буынды тәрбиелеу керек, оны қалай тәрбиелейміз, қалай осы қоғамды ары қарай дамытамыз, қалай қоғамдық санаға әсер етеміз деген сұрақтар туындайды. Оның ішінде мынау шығармашылық зиялық қауымның орны әр заманда да ерекше.