Шымкентте 5 нысанның құрылысы бақылауда болады
Шымкентте құрылысы ұзаққа созылған бес нысанның ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қадағалайды.
Құрылысы тоқтап қалғандардың ішінде әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым желілері де бар. Енді оның себебін анықтау үшін талдау жүргізіледі. Сонымен қатар бірнеше жыл бойы тұрған Адырбеков көшесі мен Қонаев атындағы даңғылға қатысты мәселелер бар.
Ұлан Сарқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
- Өңірлік департамент инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылысы ұзаққа созылған бес нысанға мониторинг жүргізіп жатыр. Ол «Ақжар» қосалқы станциясы, Қонаев атындағы даңғыл, Тұран шағын ауданындағы қос жол инфрақұрылымы.