Атырауға қызылшаға қарсы 20 мың доза вакцина жеткізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызылша, қызамық, паротитке қарсы екпенің қосымша 19 мың дозасы осы аптаның соңына дейін келеді.

Жалпы 2021-22 жылдары аймақта қызылша ауруы тіркелмеген. Ал биыл жағдай күрделі. Облыс бойынша қауіпті дертті жұқтырғандар саны 2300 адамға таяды. Сол себепті емдеу орындарында жаппай имммундау жүріп жатыр. Қазір 21 мыңнан астам адам вакциналаудан өткен.

Айжұлдыз Айтқалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:
- Республикалық бюджет есебінен де қызылшаға қарсы вакцина жеткізілуі керек. 47100 доза жоспарланып отыр. Біздер барлық қалалық, аудандық медициналық ұйымдарға тарату жұмыстарын жүргізіп, бүгіннен бастап қосымша жаппай иммундауды жүргізіп жатырмыз. Күніне 600 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз.