Елордада «Арман асулары» атты республикалық фестивалі өтті
Ерекше балаларға арналған «Арман асулары» атты республикалық фестивалдің қорытынды кезеңі өтті.
Игі шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы қолға алған. Елдің түкпір-түкпірінен іріктелген қатысушылар 6 аталым бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, «Бейнелеу өнері», «Қолөнер» «Вокалдық орындау», «Аспаптық орындау», «Хореография» және «Поэзия». Енді гала концертке қатысушылар эстрада әншілерімен бірге өнер көрсетеді.
Дәулет Жадырасын, ұйымдастырушы:
- Биылдан бастап жыл сайын өткізіп тқру жоспарда бар. Биылғы фестивальға 100-ге жуық балалар мен жастар келіп жатыр өңірлерден. Оларда белгілі дәрежеде өңірлерде іріктеуден өтті. Сол іріктеуде ең үздік деген балалар мен жастарды Астанада төрінде Қазақконцертте жинап жатырмыз.
Шахназар Төребай, қатысушы:
- Мен Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінен келіп отырмын. Мен бос уақытымда сурет салғанды ұнатамын. Салған суретімді осы Астанадағы фестивальға әкелдім.
Жауқазын Нұрбекқызы, қатысушы:
- Менің ішім пысқан кезде тал мен гүл жасаймын. Осы фестивальға келгеніме қуаныштымын.