«Аягөз-Бақты» теміржолының құрылысы басталады
Келесі жылы «Аягөз-Бақты» теміржолының құрылысы басталады.
Стратегиялық нысан іске қосылған кезде, жақында ашылатын Мақаншы ауданында 3 мың адам жұмыспен қамтылады. Президент тапсырмасымен ауданды құруға дайындық жүріп жатыр. Жаңа ауданның құрамына 11 ауылдық округ, 18 елді мекен кіреді.
Мамандар шекаралық өңірдің экономикалық әлеуеті жоғары болады деп болжайды. Себебі "Бақты" кеден бекеті арқылы көрші елмен сауда-саттық жанданады.
Ақылбек Башымбаев, Үржар ауданы әкімнің м.а.:
- Темір жолды түсіру 2024-2025 жылдарға жобаланып отыр. Ресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, Аягөзден шығып, Таскескен, Үржар, Мақаншы және Бақты ауылдарында станция түсіру жобаланып отыр. Енді бұл темір жол түскеннен кейін қосымша жұмыс орындары ашылады. Көші-қон саясатына да үлкен септігін тигізеді.