Шаруашылықтарға қолдау көрсетіледі
Күзгі жауын-шашынға байланысты астықты уақтылы ора алмай, шығынға батқан шаруаларды қолдаудың тағы бір түрі пайда болды.
Енді сапасы төмен бидайды Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алмақ. Корпорация тек Ақтөбе облысы бойынша 8 мың тоннадан астам астық алуды көздеп отыр. Әсіресе Әйтеке би ауданындағы шаруаларға қиынға соқты. Бидай масағы қайта көктеп кеткен. Техниканың да жүруінен тұруы көп болды. Мамандардың айтуынша, әлі де егіс алқабының 20 проценті орылмаған. Кейбір қожалықтар салқын түсе қайта шабуды қолға алмақ. Ал ылғалдылығы жоғары бидайды кептіру үшін өңірдегі екі бірдей астық сақтау қоймасына 110 тонна арзандатылған дизель отыны берілді. Бұдан бөлек шығынға батқан шаруалардың қаржы ұйымдары алдындағы берешегін өтеу бір жылға шегерілді.