Білім бөлімінің қызметкерлері күдікке ілінді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Олар бюджет қаражатын салада жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына жіберіп отырған. Еңбекке жарамсыздық парағы мен іссапар шығындары бойынша да ақша ұрлаған. Облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.