Ақтауда жылу магистралінің 72% тозған

Ақтауда жылу магистралінің 72 проценті тозған.

Ескірген құбырлар жоғары қысымға шыдас бермей, жиі жарылып жатыр. Желіде күніне 5-6 авария болады- дейді мамандар. Күні кеше жарылған құбыр 40 жылдан бері жөндеу көрмеген екен. Салдарынан 16 шағын аудан бір тәулік бойы жылусыз және ыстық сусыз қалған еді. Жөндеу жұмыстары түнде аяқталып, 9 метр құбыр жедел ауыстырылды. Жалпы осы жылу маусымы аяқталғаннан кейін желіні жаңалау бойынша 19 жобаны жүзеге асыру жоспары бар.

Ислям Үсенов, "Каспий жылу су арнасы" МКК басшысының орынбасары:

- Магистральдық жылу желісі жер астында. Бір жері жарылса су жер бетінен шыққанда немесе құбырдағы қысымның төмендеуінен білеміз. Авария тек жылу ғана емес, кәріз және ауыз және техникалық су құбырында күн сайын тіркеледі. Қала бойынша 8 бригада жұмыс істейді. Жалпы, ұжымда 500-ден аса қызметкер бар. Соның 300-і инженерлік желілердің жай-күйін бақылайды.