Елімізде шамамен 700-ге жуық есірткі түрі анықталды
Кейінгі 5 жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өскен.
Бұл туралы Мәжілістің Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді. Ведмство басшысы, есірткі бизнесімен күресте жасанды интеллект іске қосатынын айтты. Қылмыскерлер киберкеңістікті де жаулап алған. Әккілер инновацияны да іске қосып, «крипто-кошелек» сияқты жолдарын меңгерген. Ал оларды анықтау үшін Ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы штабына IT-мамандар қосылады. «Киберқадағалау» жүйесі арқылы анықталған есірткі сайттары бұғатталады. Жыл басынан бері 6 мыңнан астам жасырын чат, сайт секілді ақпараттандыру көздерінің жолы кесілді. «Телеграмда» 1300 интернет-дүкен жабылды.