Көкшетауда жылусыз қалған үйлердегі жағдай толық қалпына келтірілді
Көкшетау қаласында жылусыз қалған үйлердегі жағдай толық қалпына келтірілді.
Кеше кешкісін шаһарадағы 700 миллиметрлік құбырдан ақау шығып, 40 нысандағы жылу қысымы төмендеген еді. Оның 13-і көппәтерлі тұрғын үй болса, қалғаны жеке сектордағы баспаналар. Қазір үйлерге толығымен жылу берілді,-дейді мамандар. Демалыс күндері қаладағы жылу құбырларынан екі бірдей ақау анықталып, уақытында қалыпқа келтірілді. Жалпы шаһардағы жылу құбырларының 43 пайызы әбден ескірген.
Руслан Мәкішев, «Көкшетау жылу» кәсіпорнының бас директоры:
- Қазіргі уақытта ақау қалпына келтірілді. Барлық үйлер мен мекемелерге жылу берілді. Қазір температуралық режимді реттеп жатырмыз. Алдағы уақытта осындай ақаулардың алдын-алу бағытындағы жұмыстар жалғасады.