Петропавлда бірнеше күннен бері қоқыс шығарылмай жатыр
Төрт компанияның ескі техникасы аязда қатып қалған.
Қысқа дайын болмаған мекеме басшылары жауапкершілікке тартылады, дейді қалалық әкімдік мамандары. Жақында бес жаңа техника сатып алу жоспарда бар. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді.
Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Бүгінгі таңда қала бойынша температура 40 градусқа таяп қалды. Сол себепті бізді коммуналдық қызметтердің біраз бөлігі жұмысқа шықпай жатыр. Оның ішінде қоқыс шығаратын компаниялар да бар. Ауа райының сууы бұл мәселеге кесірін тигізбеуі қажет. Сол себепті бүгінгі таңда қоқыс шығармаған компанияларға қатысты айыппұл енгізілетін болады.