Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қатты соққан боран әлі басылар емес.
Осыған байланысты Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылып, жүргізушілерге жолға шығуға шектеу қойылды. Күре жолдарда қаңтарылған көліктердің ұзындығы бірнеше шақырымға жетті.
Мерей Бает, тілші:
- Қатты аяз бен қалың қардың түсуіне байланысты Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. Қазір көліктерге жолға шығуға шектеу қойылды. Мәселен біз қазір Тараздан Шымкент бағытына барар жолда тұрмыз. Полицейлер жолды жауып шектеу қойған. Мұнда қазір 500 ден аса көліктер кептелген.
Қолайсыз ауа райы әсіресе Жуалы ауданындағы Күйік асуы мен Қордай ауданында сақталып отыр. Онда желдің екпіні сағатына 40 шақырымға жеткен. Сондықтан аймақта жүк көліктеріне 3 күн бұрын жолға шығуға тиым салынды. Ал 2 тәуліктен бері барлық автомобильдер кері қайтарылып жатыр.
Али Амитов, жүргізуші:
- Қайта-қайта машинаны оталдырамыз. Өшіруге никак болмайды. Солярка уже бітіп жатыр. Қызыл жанып жатыр. Тамақ жоқ 1,5 сутка болды. Арқа қайтуға вариянт жоқ.
Ғабит Мамытқұлов, жүргізуші:
- Алматыдан шыққанымызға уже 2 күн болды. Ұзынағаштан тоқтадық. Отарда тұрдық. Кеше кешке сағат 6 да келгенбіз осы жерге. Содан бері әлі тұрмыз. Жол жабық мына жақта өткізбей жатыр.
Жолда қалған жолаушылар үшін облыс аумағында 65 жылыту пунктері ашылды. Арнайы штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеуде. Еріктілерден құрылған топтар жолаушыларға нан мен ыстық шай таратуда.
Карина Каташова, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- 13-14 желтоқсан күндері жалпы саны 550 ден аса жолда қалған азаматтарды құтқарған болатын. Барлық азаматтар жылыту пунктеріне жеткізілі, ыстық тамақпен тамақтандырылған.
Ал көлік вице-министрінің сөзінше, бүгінде солтүстік өңірлерде аяз саябырсып, керісінше оңтүстікте қарлы боран соғып тұр. Салдарынан тас жолдың кей бөліктерінде жол көрінбей қалған.
Сәтжан Аблалиев, Көлік вице-министрі:
- Қазгидромедтің берген хабарламасына байланысты оны ескермей жолға шығып кеткен көліктер көптеп қиындық туғызуда. Боран болып тұрған жерлердегі ірі көліктердің тұрып қалуына байланыссты. Ол жолдар кептелістерге әкеліп соғып жатыр. сондықтан жол пайдаланушыларына барынша осы күндері жолға шығуан бас тартуды сұраймыз.
Облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдарда тазалау үшін Қазовтожол мекемесінің 120 техникасы мен 180 қызметкері жұмылдырылды. Бірақ боранды тұстарды тазарту әзірге мүмкін болмай тұр. Ал Қазгидромедтің мәліметінше, аймақта аяз бен дауыл бір тәуліктен соң ғана басылады.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә