Жамбыл облысында 5 ауылға жарық берілді
Жамбылда ақтүтек боран салдарынан жарықсыз қалған 30 елді мекеннің бесеуіне электр қуаты берілді.
Қалған ауылдық округтерде 23 авариялық бригада мен 27 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Кеше түнде Шу және Қордай аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазір облыс жолдары жабық. 171 жұмысшы мен 76 арнайы техника құтқару және тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. Блок бекеттерде полиция тұр. Аймақта қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылып жатыр.
Нұржан Календеров, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда 6 жылу пунктінде 1883 адам келіп орналастырылды. Барлық бірінші көмекті алды. Арнайы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Өкінішке қарай, бүгінде жүргізушілер жолдағы блок бекеттерді айналып өтуге тырысқан жағдайлар анықталып жатыр. Соңғы 2 сағатта ішінде құтқарушыларддың күшімен 100-ден астам адам, 48 жеңіл автокөлік эвокуацияланды. Құтқару жұмыстары қазіргі таңда жалғасып жатыр.