Алматы облысында 213,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
«AMANAT» партиясының араласуымен Алматы облысында 213 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұған дейін тұрғындар мал жаятын орын таппай отырғанын айтып, партияға шағымданған еді. Іле Алатауы «Бұғыты» сілемінің аумағындағы үлкен учаске жеке қолға өтіп кеткен. Нәтижесінде тұрғындардың шағымы ескеріліп, жайылымдық жерлер қайтарылды.
Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
- Қазақстан бойынша 10 миллионнан астам жерді біз осы 1,5 жылдың ішінде қайтарып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай осы Жер аманаты комиссиясы әділдік орнатумен жүр деп толық айта аламыз. Өйткені осы заңсыз берілген, пайдаланылмай жатқан жерлер, одан бөлек, жер иеленушілердің басып алған жерлердің барлығын біз осы сот арқылы, комиссия арқылы қайтарып жатырмыз.
Рыскелді Жақабаев, тұрғын:
- Қазір ауыл деген сөз ең алдында айтылатын болып келе жатыр. Соған қуанышытымыз. Оған қызмет жасап жүрген сендерге рақмет. Жер қайтып жатыр, еліміз орнына келіп жатыр.