Павлодар облысында қарлы боран соғып тұр
Синоптиктердің болжауына сәйкес жауын-шашын негізінен облыстың оңтүстігі мен шығысында болады.
Қатты жел мен бұрқасынға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл күндері жолға қызмет көрсету мамандары мен төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Әсіресе көктайғақ болуы ықтимал Семей мен Курчатов бағытындағы автокөлік жолдарына баса назар аударылмақ.
Май ауданының жол пайдалану бөлімшесі қыс мезгіліне тыңғылықты дайындалыпты. Биыл техникалық паркін жаңартқан мекеме қосымша қар тазалайтын машиналармен толығады.
Ерік Адамжанов, 85-ші жол пайдалану бөлімшесінің басшысы:
- Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы материал дайындау бойынша тиегіш жұмыс істеп тұр. 2 қар күрейтін техника, Камаз бен Зил көлігі, трактор, автогрейдерлер сақадай сай. Бұдан бөлек, алдағы күндері арнайы жабдықталған қосымша техникалер келеді деп күтіп отырмыз.