Алматы облысында мың жаңа жұмыс орны ашылады

Алматы облысының Жібек жолы ауылында құрылыс материалдарын шығаратын индустриялды-өндірістік кешен іске қосылды.

Өндіріс ошағында темірбетон бұйымдары мен энергетика саласына қажетті құрылғылар жасалады. Отандық тауар ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етеді. Келер жылы серіктестік өз өнімін Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттайды. Қазір өндірісте 200 адам еңбек етеді. Қосымша іске қосылатын цехтарда мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге техникалық мамандар дайындайтын кәсіби колледждің құрылысы басталды.

Гүлнәр Шустова, компанияның қаржы директоры:
- Біз жергілікті әкімдікпен әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Даму бағдарламамыз әзірленді. Қазіргі уақытта компания еліміздің индустрияландыру картасына кіру жөнінде өтініш беріп, тиісті құжаттарды жолдады. Жобаны дамытудың жоспарлы инвестициялық құны 50 млрд теңгені құрайды.