Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, есінен тандырған адамның үстінен іс қозғалды

Алматыда автобус қағып кеткен жолаушылардың жағдайы белгілі болды.

Қазір зардап шеккен 50 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Бұл жөнінде қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдері мәлімдеді. Тағы бір 55 жастағы ер адам бас-ми жарақатымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды. 36 жастағы автобус жүргізушісі де сол бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Ал 15 жастағы жеткіншек амбулаториялық ем қабылдауда. Тізесіне зақым келген, аяғына гипс салынды.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда жол жиегінде тұрған адамдарды автобус қағып, 3 адам мерт болды. 4 адам ауруханаға түскен еді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.