Астанада Президент шыршасы өтті
Мерекелі шараға елдің түкпір-түкпірінен 100 оқушы келді, деп хабарлайды 24KZ.
Мультфильм кейіпкерлері һәм супер қаһармандары бар ойын-сауық бағдарламасын көрген балалар мәре-сәре. Көңілді кеште қызықты қойылыммен бірге сыйлықтар да табысталды. Алдымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады. Кейін сөмке, iPad, энциклопедия кітаптар топтамасы мен тәттілер салынған қапшық таратты.
Айта кетейік, өнерімен, білімімен іріктелген балалар 3 күн бойы Астананың әсем жерлерін аралап, театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалаған еді. Енді бүгін елордада Президент шыршасын жақты.
Кәусар Алмасқызы, оқушы:
- Мен өзім қуаныштымын Президенттік шыршаға келгеніме. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Мен 5-сыныпта оқимын, сабағымды 5-ке оқимын. Олимпиадаларға сабақтардан қатысамын. Маған кейіпкерлер ұнады, Аяз атаның киімі ұнады және беріп жатқан сыйлықтары ұнады.
Меруерт Медетбекова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:
- 3 күнге созылған бағдарлама аясында балалар өте көңілді жағдайда балалар барлық мәдени ошақтарға барып, Астананың көрікті жерлерімен танысып, өте қуанышты жағдайда шыршыға келіп отыр. Келген 100 баланың барлығына 100 рюкзак iPad бар, 4 кітабы бар, кәмпиті бар, құттықтауы бар. Жалпы құттықтау хатты барлық балаларға жіберді.