Қазақстанда су тасқыны қаупі жоғары
Себебі ел аумағының 90%-ін қар басып жатыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр мәлімдеді. Әлихан Смайылов Су ресурстары министрлігіне қазірден бастап қамданып, су қоймаларын тексеруді тапсырды. «Көршілес мемлекеттермен су шығыны және трансшекаралық өзендердегі қауіп туралы үзбей ақпарат алмасу керек. Қажет болған жағдайда, су қоймаларынан суды алдын-ала және қауіпсіз жіберу шаралары қабылдануы тиіс», - деді Үкімет басшысы. Қазгидрометтің болжамынша биыл қаңтар-ақпан айларында ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері барлық өңірде нормадан жоғары болады.