Оралда қоғамдық көлікте қатынауға жеңілдіктер жасалды
Оралда биылдан бастап қоғамдық көлікте қатынауға жеңілдіктер жасалды.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, Чернобыль атом стансасындағы жарылыстың зардабын жоюға қатысқандар, І топ мүгедектері мен 7 жасқа толмаған балалар және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері автобуспен тегін қатынайды. Бұл жаңалықты тұрғындар қуана қабылдады. Игі бастаманың шарапатын мектеп оқушылары, мүгедектер мен олардың күтушілері және зейнеткерлерді де көре алады. Енді олар жолақының жарты бағасын төлесе де жеткілікті. Ал автобуста жол жүру ақысы 80 теңге.
Блиц:
- 50 теңге болса да жеңілдік қой. Бәрі жақсы, рақмет!
- Үлкен кісілерге жасап жатқан қамқорлық қой. Бұл маған ұнады. Бұрын 80 теңгеден төлеп жүрген, мен енді зейнеткермін ғой.
- Карта алдық, карта керемет, уақытында, шапшаң тез. Енді 50 процент болғасын, көп үнемдейміз ғой енді.
Оралда 26 бағыт бойынша 6 жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын қызмет көрсетеді. Жыл сайын олардың қызметін 54 миллион адам пайдаланады екен. Кәсіпкерлер жолақысы кеткен шығынды өтемейтінін айтып шағымданған еді. "AMANAT" партиясының қолдауымен бұл салаға бөлінген қаржы тиімді жұмсалып, мәселе оң шешімін тапты.
Бауыржан Атауов, "AMANAT" партиясы БҚОФ жанындағы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің төрағасы:
- Бұрын-соңды мұндай 50 пайыздық жеңілдік болған жоқ қой. Сондықтан бұл біздің ардагерлерімізге, осал топтарымызға ешқандай қиындық әкелмейді деп ойлаймын. Бұрынғыдан да жеңіл болған сияқты. Біздің осы кеңес мүшелерінің құрамында осы "AMANAT" партиясының өкілдері жеткілікті, сол мәселені шешуге барлығы да өздерінің үлестерін қосты.