Жетісу облысында үш азаматқа халықаралық іздеу жарияланды
Бұл туралы баспасөз мәслихатын өткізген Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі Ербол Құрманбаев мәлімдеді.
Құзырлы орган өкілінің айтуынша Гүлбану Базильбаева мен Қанат Исабаевтың жауапкершіліктен жалтарып ұстатпай жүргеніне 20 жыл болған. Күдіктілерге Ескелді аудандық Қазпошта бөлімшесінен 22 млн теңге жымқырды деген айып тағылып отыр. Тағы бір Дәурен Тулебаев есімді азамат 2011 жылдан бері іздестіріліп жатыр. Оның үстінен ұйымдасқан қылмыстық топ құру, контрабандалық жолмен Қытайдан тауар тасу дерегі бойынша іс қозғалған.
Ербол Құрманбаев, облыстық Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:
- Осы күдікті тұлғаларға қатысты қандай да бір ақпарат болса біздің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментіне хабарласса болады. Байланыс телефоны 24-11-25. Сонымен қатар біз тәулік бойы жұмыс атқарамыз. Яғни кезекшілік бөлімі оның нөмірі 8707 3434210.