ШҚО-да гидроқұрылғыларды бақылау күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысында 130 гидроқұрылғы бақылауға алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Дамбалар мен бөгеттер басында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір аймақта тасқын қаупі жоғары. Мысалы, Марқакөлдегі өзен-бассейндерінде қар қоры маусымдық қалыпты мөлшерден 70%-ке көп. Үлбі мен Тұрғысын да ұлпадан кенде емес. Мамандар барлық жағдайға дайын болу үшін сақтықты күшейтті. Себебі тоң жүріп кеткен жерлер бар. Сонымен қатар наурыз айында сынап бағанасы жылдағыдан едәуір жоғары болуы да ықтимал.

Медет Нұрғалиев, «Шығыс Су» КМК директорының м.а.:

- Мысалы, 2023 жылы осы су тасқыны кезеңі өткеннен кейін ағымдағы жөндеу жұмыстары 3 елді мекенде өткізілген. Ол Ұлан ауданы Төменгі тайынты ауылы, Самар ауданы Қойтас ауылы маңында гидротехникалық құрылғымыз біздің және Добролюбовка ауылы маңындағы гидротехникалық құрылғысы біздің нысан болған.